18.11.2019, 07:25

Ереуілге шыққан студенттерге қарсы көз жасаурататын газ бен суатқыш қолданған

Фото: 24.kz
Радикалдар тәртіп сақшыларына кірпіштер мен жанғыш заты бар бөтелкелер лақтырып, қолдан жасалған садақ атқан көрінеді.

Гонконг полициясы Коулун түбегіндегі демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ бен суатқыш қолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қақтығыс политехникалық университет маңында болды. Мұнда ереуілге шыққан студенттер көшелер мен «Кросс-харбор» туннелін жауып тастаған. Радикалдар тәртіп сақшыларына кірпіштер мен жанғыш заты бар бөтелкелер лақтырып, қолдан жасалған садақ атқан көрінеді. Салдарынан бір полицей аяғынан жарақат алыпты. Айта кетейік, Гонконгтегі ереуілдер маусым айынан бері жалғасып келеді.