$ 445.66  474.58  4.78

Тұрғындар премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде

Мемлекет басшысының сөзінше, Бабишке ресми түрде тағылған айыптар алынып тасталған.

Чехияда 250 мыңдай адам «Барқыт революциясының» 30 жылдығы қарсаңында премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Прагадағы шеруге қатысу үшін елдің түкпір-түкпірінен жиналыпты. Шерушілер үкімет басшысы Андрей Бабиштің 31 желтоқсанға дейін өз қызметінен кеткенін қалайды. Өйтпеген жағдайда ереуілдің жаңа толқынын бастайтындарын айтып, ультиматум қойды. Себебі, Чехия премьер-министрі қарсыластарының пікірінше, бастапқыда бизнесмен кейін саясаткер атанған Андрей Бабиш мемлекеттік қызметте бола тұра әлі де бизнеспен айналысып жүр. Және өз компанияларына жеңілдік жасап келеді екен.

Осыған байланысты, ел президенті Милош Земан мәлімдеме жасап, шерушілердің талабы демократияға сай емес екенін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, Бабишке ресми түрде тағылған айыптар алынып тасталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары