$ 444.22  476.38  4.82

Париж халқы жаңа жылға қалай дайындалып жатыр?

Франция астанасының басты көшесінде мерекелік шам жағу рәсімі өтті.

Парижде жаңа жыл мейрамын қарсы алуға дайындық шаралары басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жас актриса Людивин Санье және Кішкентай ханзадалар қайрымдылық ұйымының екі өкілі шам жағу құрметіне ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарықтандыру экологиялық жағынан таза әрі үнемді. Екі айда бұл шамдар екі отбасы жылына тұтынатын электр қуатынан көп жақпайды. Ал жарықтандыру құрал-жабдығын үш жылдан бес жылға дейін пайдалану көзделіп отыр. 

БЛИЦ: 

– Мен шам жағу рәсімін көруге алғаш рет келгенмін. Маған өте ұнады. Бәрі әдемі және сиқырлы. 

– Мейрам жақындап қалды. Біз әлі сыйлықтар дайындаған жоқпыз, бірақ бәрі мерекелік көңіл-күйде екенін көріп тұрмыз. 

– Тек қана Париж тұрғындары емес, көптеген турист арнайы осы шараға келетіні таң қалдырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#намыс