Флорида штаты Оңтүстік округінің федералды соты Қытай азаматшасы Чжан Юйцзинді Дональд Трамқа тиесілі Мар-а-Лаго поместьесіне заңсыз кіріп, АҚШ Құпия қызмет мамандарына жалған ақпарат айтты деген айыппен 8 айға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Stan.kz.
Құжатта сотталушыға айыптаудың бірінші және екінші бөліміне сәйкес, АҚШ абақтыларының Федералды бюросында 8 ай жазасын өтеуге үкім кесілді деп көрсетілген.
Осы жылдың қыркүйек айында 33 жастағы Чжан Юйцзин аталған пункттің екеуі бойынша жазаланды. CNN телекомпаниясы атап өткендей, айыпталушы алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
The Miami Herald газетінде көрсетілген ақпарат бойынша, наурыздың 30-ы Чжан Юйцзин өзін жабық клуб мүшесінің туысымын деп таныстырып, күзетшілерге өтірік айтып, Мар-а-Лаго поместьесіне кірмек болған. Қытай СІМ Америка үкіметінен қытайлық азаматшаның құқығы толығымен қорғалуын талап етіп отыр.