$ 447.4  477.55  4.76

Экс бас прокурордың он бөлмелі үйі аукцион арқылы сатылмақ

Үйдің құжаттары Қадыровтың әйелінің атына тіркелген.

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровтың үйі аукцион арқылы саудаға шығарылды. АҚШ валютасына шаққанда оның құны 1 миллион доллардан асып тұр.

 Жарияланған деректерге қарағанда, бұл нысанның жалпы аумағы 835 шаршы метрді құрайды. Үй он бөлмелі. Оның құжаттары Қадыровтың әйелінің атына тіркелген.

Электронды аукционда үйдің құны 10 миллиард сум деп көрсетіліпті. (Бұл шамамен 407 миллион теңге болады).

 ...Р.Қадыровтың жасы қазір 67-де. Ол кезінде Өзбекстандағы ең бай адам санал­ған. Жарияланған кей мәліметтерде байлығы 1 миллиард доллардан асады деп айтылып жүрді. Бірнеше шет елдерде жылжымайтын мүлік, активтері бар деп айтылатын. Ол 2000-2015 жылдар аралығында Өзбекстанның Бас Прокуроры болып қатарынан үш мәрте тағайындалған. 2015 жылдың сәуір айында отставкаға шыққан, кейін Конституциялық Соттың мүшесі болып жүрді. Өткен жылғы ақпан айында қамауға алынды. Биылғы қаңтар айында соты басталып, ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған 100 миллион сумнан аса айыппұл салынды. Р.Қадыровқа Өзбекстан Қылмыстық Кодексінің «қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану», «пара алу», «бопсалау», «ұйымдасқан топ құру» деген сияқты – барлығы 12 бабы бойынша айыптар тағылған болатын.

 Дереккөз: Zamana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары