$ 494.87  520.65  4.91

Енді 3d принтердің көмегімен 24 сағатта үй салуға болады (ВИДЕО)

Стартап ауылда осындай тағы 50 үй салуды жоспарлап отыр.

Мексиканың Табаско штатында кедей отбасылар үшін құрылыс істерін жүргізіп жатқан Icon стартапы, New Story және Echale коммерциялық емес ұйымдары 3D-принтер көмегімен болашақ ауылдың негізі болатын алғашқы екі үйді басып шығарды. 

Үйлер Icon Vulcan II принтеріндегі арнайы бетон қоспасын пайдаланып салынды. Бұл принтер ауа райының өзгеруіне және ресурстардың шектеулі болуына байланысты, құрылысы қиын жүретін ауылдық жерлерге арналған. Үйлер салуда ауданның жоғары сейсмикалық белсенділігі ескерілген.

Екі жатын бөлмесі, қонақ үйі, ас үйі және моншасы бар стандартты үй - 46,5 шаршы метр. Осындай көлемдегі үйді принтерге басып шығару үшін небәрі 24 сағат уақыт кеткен. Ал бағасы тіптен қолжетімді. 4000 АҚШ долларыңыз болса, үйлісіз.

Стартап ауылда осындай тағы 50 үй салу жоспарланған. Жаңа қоныс өмір сүру үшін барлық қажеттілікпен қамтылған. Оған иелері 2020 жылдың басында көшеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үй #3D принтер