25.12.2019, 12:15

Анасы «ібіліспен байланысқан» қызын өлтірді (ВИДЕО)

фото: lenta.ru
Әйел арам ойын жүзеге асыру әрекетін қызының аузынан қан аққан кезде ғана тоқтатқан.

"Жын-перілердің" арбауына түскен туған қызын анасы тамығын тесіп өлтірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

50 жасты еңсерген америкалық әйел Хуанита Гомез кәдімгі крест белгісін қызының мойнына тақап, оны тамағының ішіне қарай тыққысы келген. Әйел арам ойын жүзеге асыру әрекетін қызының аузынан қан аққан кезде ғана тоқтатқан.

Оқиға орнына полицейлер жеткенде 33 жастағы әйел еденде сұлап жатқан. Жергілікті News9 телеарнасының хабарлауынша, крест мәйіттің денесіне шегеленгендей қалыпта болған.

Осы оқиғадан кейін қызын өлтірген безбүйрек ана тұтқындалды.Оның үстінен бірінші деңгейдегі адам өлтіру ісі (АҚШ қылмыстық кодексі бойынша алдын ала ойластырылған адам өлтіру қылмысы) қозғалған.

50 жастағы әйелдің бұған дейін де қылмыс жасағаны анықталды. Ол бұрын есірткі саудасымен айналысқан және заңсыз қару ұстағаны үшін сотталған.

Тегтер: жын крест