Жергілікті мейрамхана иелері наразылық акцияға қатысушыларды осылайша тегін тамақтандырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл әрекеті арқылы кәсіпкерлер халыққа қолдау білдіргісі келетіндігін жеткізді. Айта кетейік, Гонконгта мереке кезінде жаңа толқулар тіркелді. Наразы халық көтеріліске жергілікті әкімшілік басшысы Кэри Лэмнің мәлімдемесінен соң шыққан.
Шенеунік өз сөзінде «ереуілшілер мерекенің шырқын бұзды» деп айып таққан. Ашуланған тұрғындар сауда орталықтары мен туристік нысандарға жиналды. Қақтығыс туындап, дүкен сөрелері қираған.