$ 494.87  520.65  4.91

Орман өртінен қашқан тұрғын пештің ішіне тығылып тірі қалды

Содан кейін шықса, үйі мен шеберханасының түгі қалмай, күлі көкке ұшып кеткенін көрген.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Орманда төтенше жағдайда өрт шыққан кезде басының амандығын ойлаған Австралия елінің Балморал қаласының тұрғыны үйіндегі пештің ішіне бас сауғалан. Сол арқылы қызыл жалынның шарпуынан аман қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

67 жасқа толған Стив Харриссон - суретші. Ол биліктің дабыл қағып, ескертуіне құлақ аспастан, орманда салынған үйін өрттен аман сақтап қалу үшін сонда қалған көрінеді. 

Ормандағы өрт үйіне жақындап қалған кезде басының амандығын ойлаған ол, көлігіне қарай жүгіреді. Бірақ, үйі ормандағы өрттің құрсауында қалғанына ақыры шыдай алмай, үйіне барып, өзі жақында ғана құрастырған үлкендігі табыттың көлеміндей пештің ішіне тығылып қалады. Тіпті, бас сауғалап жүріп, өрт сөндіргіш құрал мен ноутбугін ұмытпай, қасына су да ала барған.

Стив өрт кезінде пештің ішінде 30 минуттай болады. Содан кейін шыққанда үйі мен шеберханасының түгі қалмай, күлі көкке ұшып кеткенін көрген.

Айтпақшы, 19 желтоқсанда болған Балморал және Бакстонда болған орман өрті кезінде 20 шақты ғимарат тілсіз жаудың құрсауында қалса, оның 12-сі - кәдімгі тұрғын үй.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары