$ 446.49  475.38  4.79

Кристина Кох ғарышта ең ұзақ болған әйел рекордын жаңартты

Кох тарихта алғаш рет тек әйелдерден құралған астронавтар командасына қосылып та рекорд жасаған. Ол осымен ашық ғарышқа төртінші рет шығып отыр.

Америкалық астронавт Кристина Кох сенбі күні ғарышта үзіліссіз болған әйелдер рекордын жаңартты. Ол орбитада 289 тәулік болып, отандасы Пегги Уилсонның рекордынан бір тәулік асып түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Азаттыққа сілтеме жасап.

АҚШ-тың Монтана штатының 40 жасар инженер-электригі Кох МКС бортына 14 наурызда барған. Ол станцияда 328 тәулік, яғни 11 ай болуы тиіс. Әдетте, астронавтардың орбитадағы миссиясы жарты жылдан аспайды.

Кохтың ғарыштағы мерзімінің ұзарғаны солтүстік америкалық НАСА ғарыш агенттігінің «ғарышта ұзақ ұшу әсерлері» жайлы зерттеуіне септеседі. Мәліметтері Ай мен Марсқа ұшуға арналған бағдарлама жасауға пайдаланылады.

Кох тарихта алғаш рет тек әйелдерден құралған астронавтар командасына қосылып та рекорд жасаған. Ол осымен ашық ғарышқа төртінші рет шығып отыр.

1994-95 жылдары Ресей ғарышкері Валерий Поляков ғарышта үзіліссіз 15 ай болып, ерлер арасында рекорд жасаған болатын. Ол «Мир» орбита станциясында 437 тәулік, 18 сағат болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары