$ 494.87  520.65  4.91

Тамақ ішуден қиналған адам жасанды тіл тіктіріп алды

Ісікті жою үшін 14 сағат операция жасалып, 10 тісін жұлдырып тастауға тура келді.
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

50 жылдан бері темекі шегетін англиялық Генри Приддинг қатерлі ісікке шалдыққандықтан, жасанды тіл тіктіріп алды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

66 жастағы ағылшындық азамат мұндай зиянды әдеттің салдары туралы Manchester Evening News басылымына айтып берді.

12 жасынан бері күн сайын темекі шегетін ол, 62 жасынан бастап тамақтану барысында күрделі мәселелерге тап болыпты. Сондықтан ауруханаға барып, дәрігерлерге қаралған. Оның денсаулығын тексеру нәтижесінде дәрігерлер қатерлі ісік деген диагноз қояды. Ісікті жою үшін 14 сағат операция жасалып, 10 тісін жұлдырып тастауға тура келді. Бір қызығы, Генриға хурургиялық жолмен өз денесіндегі терімен жасанды тіл тігіп берді.

Операция Генридің тіліне қатты әсер етті. Қазір ол бетіне темір инелер мен темір тақтайшаларды киіп жүреді. Осындай ауыр операциядан кейін ол темекіні тастап, басқаларды да жаман әдеттен арылуға шақырып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары