$ 444.22  476.38  4.82

Эмоциясын көрсете алатын робот-мысық пайда болды (ВИДЕО)

Робот-мысық келешекте нарықта 1299 доллардан (497,517 теңгеден) сатылады.

Қытайдың Elephant Robotics компаниясы іс-қимылдары арқылы түрлі көңіл-күйін көрсете алатын робот-мысық құрастырып шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Кorrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Робот-мысық  келешекте нарықта 1299 доллардан (497,517 теңгеден) сатылады.

Өнертапқыштар робот-мысыққа MarsCat деген ат қойған. Электронды күштің көмегімен эмоциясын жеткізетін мысық 16 мотордан тұратын буындар арқылы қозғалады. Жай ғана жүруден өзге, ол ойнап, ұйықтап, үй ішіндегі шашылған заттарды, қоқыс-қалдықтарды жинап, қоқыс жәшігіне салуға қабілетті.

Электрлі мысықтың денесінде камера, микрофон, динамик, Raspberry Pi микропроцессор және жанасу датчиктері бар. Денесіндегі техникалардың арқасында ол алдағы кедергілер мен тоқсауылдарды сезіп, адамдардың тапсырмасын аңғарып, орындай алады.

Ерекше мысық жайлы жазған New Atlas басылымының дерегіне көз жүгіртсек, мысықтар адамдармен сөйлесу нәтижесінде өзгеретін көрінеді.

Айтпақшы, робот-мысық адам секілді бір емес, бірнеше көңіл күйін көрсете алады. Мысалы, еріну, жалқаулану, ұялу, бірдеңе істеуге талпыну, енжарлық таныту, жігерлену, сөйлесуге тырысу секілді эмоцяиларын білдіруге қабілетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мысық #Робот