$ 498.34  519.72  4.85

Праганың тарихи орталығы жарнамадан ада аймақ болып жарияланды

Қала кеңесі баннерлер орнату мен дүкен сөрелерінің безендірілуін реттейтін ереже қабылдады.
Фото: SDRDH
Фото: SDRDH

Праганың тарихи орталығы жарнамадан ада аймақ болып жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала кеңесі баннерлер орнату мен дүкен сөрелерінің безендірілуін реттейтін ереже қабылдады. 

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, ескерткіштер мен тарихи кешендерінің маңында сауда жеңілдіктері жөнінде хабарламалар ілінбеуі керек. Тәртіп осылай болғанмен, бұл ережеге ірі дүкендер мен жарнама агенттіктері қарсы. 

Ғаламторда өткізілген сауалнамада қала тұрғындарының 70 пайызы ала-құла баннерлер қала көркін қашырып тұр деп жауап берген. Шаһар басшыларының айтуынша, олар жарнама нарығындағы жағдайды мұқият зерттеген. Нәтижесінде тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттарға жарнама ілуге тыйым салатын жаңа ереже енгізген.  

Ян Кливец, заңгер: 

– Бұл тыйым бүкіл жарнама саясатына қатысты емес, бірақ бәрі де шамасын білуі тиіс. Шіркеуге адам көп барады деп, кіре берісінде газдалған сусынның жарнамасын ілмейді ғой. Неліктен ескерткіштердің қасында джинсы мен көйлектерге жеңілдіктер жөнінде баннерлер тұруы керек? Прага орталығы - Чехияның мәдени мұрасы, мұны бағалуымыз керек. 

Жаңа ереже тек Прага орталығындағы ғимараттарға қатысты болмақ. Тап осында ірі шіркеулер, мұражайлар мен ескерткіштер орналасқан. Енді дүкен сөрелері ауданының тек бестен бір бөлігіне жарнама орналастыруға болады. Сондай-ақ жанып тұратын жазулар, ірі көлемді қуыршақтар мен пластмастан жасалған мүсіндер орнатуға тыйым салынды. 

Павал Машницкий, жарнама агенттігінің менеджері: 

– Дүкен иелері жаңа ережелерге наразы. Бүкіл әлемде сөрелердің безендірілуі мен көзге түсетін жарнама ерекше бір мәдениет және қала көркін ашатын дүние саналады. Сауда орындары айтарлықтай шығынға ұшырамас, бірақ қала орталығында жарық пен модерн азаяды деп ойлаймын.  

Қала кеңесі бұл қатал тыйым екеніне келісіп отыр, бірақ Праганың мәдени мұрасын сақтау одан да маңызды. Құзырлы органдар дүкендер мен сауда орындарының жаңа жарнама саясатына сәйкестігін 2 қаңтардан бастап тексеруге кіріседі.

 

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/364834-pragada-y-tarikhi-eskertkishter-men-k-ne-imarattar-a-zharnama-iluge-tyjym-salyndy

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Прага