Өсімдік 2017 жылы табылған рекорд орнатқан гүлдің орнына шыққан. Жаңа бүршік бұрынғыдан гөрі он сантиметрге үлкен, деп хабарлайды Stan.kz, CNN каналына сілтеме жасап.
Батыс Суматраның табиғи ресурстарын қорғау орталығының мәліметінше, ғалымдар алып гүл раффлезияны Индонезиядан тапқан.
Жақында гүлденген оның диаметрі – 111 сантиметр. Мамандар бұл ең үлкені екенін айтады.
Рафлезияның тамырлары мен жапырақтары жоқ. Өсімдік паразит болып саналады. Өйткені, ол басқа өсімдіктердің қоректік заттары мен суын сорып алады. Гүлден шіріген еттің иісі шығады.