$ 444.22  476.38  4.82

Әуе соққысынан ондаған адам қаза тапты

БҰҰ бойындағы генерал Хафтардың өкілдері болса, бұл айыптауды теріске шығарады.

Ливия астанасы Триполиде әскери училищеге жасалған әуе соққыдан кемінде 30 адам қаза тауып, 33-і жараланды. Ливия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,зардап шеккендердің басым көпшілігі курсанттар екен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Abai.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ливия ұлттық келісім үкіметі шабуылды жасаған Халифа Хафтардың "Ливия ұлттық армия" күші деп мәлімдеді. БҰҰ бойындағы генерал Хафтардың өкілдері болса, бұл айыптауды теріске шығарады.

Ливияда 2011 жылдан бері ішкі қарулы қақтығыстар жалғасып келеді. Үш топ билікке таласып келеді. Олар халықаралық қауымдастық мойындаған Триполидегі Фаиз Сарадждың Ұлттық келісім үкіметі мен Абдулла Абдуррахман ат-Танидің уақытша кабинеті және бұрынғы бас қолбасшы, генерал Халифа Хафтардың күші.

2019 жылы Хафтар Триполи басып алатынын жариялаған. Оны Ресей, Франция, Египет және Біріккен Араб әмірлігі қолдайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары