$ 446.49  475.38  4.79

Иран генералын өлтіруге Трампты өзінің Мемлекеттік хатшысы бірнеше ай үгіттеген

АҚШ президенті бұл идеядан бас тартқан. Мемлекеттік хатшы осы тақырыпқа бірер күн бұрын қайта оралып, Трамппен күніне бірнеше келіссөз жүргізіп отырған.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео АҚШ президенті Дональд Трампты операция жасау үшін келісім беруге көндірген. Нәтижесінде, Иран Ислам революциясы күзет корпусы «Кудс» арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касем Сулеймани қаза тапты, деп хабарлайды baq.kz, The Washington Post газетіне сілтеме жасап.

АҚШ басылымының мәліметі бойынша, Помпео Сулейманиді жою бойынша операцияны жүзеге асыруды осыдан бірнеше ай бұрын айтқан. Алайда, ол кезде АҚШ президенті бұл идеядан бас тартқан. Мемлекеттік хатшы осы тақырыпқа бірер күн бұрын қайта оралып, Трамппен күніне бірнеше келіссөз жүргізіп отырған. Ақыры АҚШ-тың Бағдадтағы Елшілігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлаған Дональд Трамп операцияны мақұлдаған.

Осыдан кейін 3 қаңтар күні Пентагон Бағдаттағы халықаралық әуежай маңын ракеталармен бомбалағанын хабарлады. Оқиға салдарынан Иран Ислам революциясы күзет корпусы «Кудс» арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касем Сулеймани қаза тапты.

АҚШ Қорғаныс министрі өз мәлімдемесінде операция Трамптың тікелей үкімі бойынша жүргізілгенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Трамп #АҚШ #Иран