$ 494.87  520.65  4.91

Бойжеткен жасөспірім қыздарды зорлау үшін өзін ұл деп таныстырған

Полиция сөзіне сүйенсек, оның қыз екенін біліп қойған зәбірленуші екі қыз суицид жасамақшы болыпты.
Фото: BBC.com
Фото: BBC.com

Әлеуметтік желілерде қыздармен көбірек танысуды көздеген 21 жастағы Джемма Уоттс өзін 16 жастағы Джейк Уатон деп таныстырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ВВС-ге сілтеме жасап.

Ол арам ойларын іске асыру үшін қолаң шашын бас киімнің астына жасырып, бұтына кең шалбар киеді. Сол қалпында суретке, видеоға түсіп, желіге жүктейді. Сол сурет-видеоларына лайк қойған қыздармен сөйлесе бастайды. Жазбалалары арқылы ол жасөспірімдердің тілінде сөйлесіп, жартылай жалаңаш суреттерін жолдап, нәтижесінде қыздарды кездесуге көндірген екен. 

Бұл әрекеттері әшкере болған Джемма сот отырысында жыныстық сипаттағы 7 қылмыстық іске қатысы бар екендігін мойындады. Сот барысында 14 жастағы зардап шегушінің хаты оқылды. Хат иесі "жүрегінің қатты жараланғанын" айтқан. Әзірге  Джемманың құрбандарының саны 20-50 болуы мүмкін деген болжам бар.

 Джемма Уоттстің жігіт кейпіне еніп кеткендігі соншалық, тіпті, қыздардың ата-аналарымен де танысқан. Полиция сөзіне сүйенсек, оның қыз екенін біліп қойған зәбірленуші екі қыз суицид жасамақшы болыпты. 

Айтпақшы, Джейк образының шынайылығына қыздарды толыққанды сендіру мақсатында іш киіміне тығыз заттарды салып қойған көрінеді. 

Қазіргі таңда  13 пен 16 жастағы жасөспірім қыздарға жасалған жыныстық сипаттағы қылмыстары үшін Джемманың 8 жылға бас бостандығы шектелді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары