$ 498.34  519.72  4.85

«Маған еркектің қаны керек!» - қапалы келіншек

Оған қоса, Британияда донор болу үшін қанын беретін еркек жетпейді.
Фото: vko-zozh.kz/kk
Фото: vko-zozh.kz/kk

39 жастағы Джо Дэниэлске шұғыл түрде еркектің қаны қажет. Ол болмаған жағдайда әйел көрсоқыр болып қалмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, BBC-ге сілтеме жасап.

Джоның мұндай жағдайға тап болуы жай емес. Ол сирек кездесетін Шегрен синдромына шалдыққан. Оған қоса, Британияда донор болу үшін қанын беретін еркек жетпейді.

Шегрен синдромына байланысты Джоның жақ сүйек бездері қабынып, тері қабығында  жаралар пайда болады екен. Бұл белгілермен күресу үшін Джоның көзіне ерлердің қанынан жасалатын арнайы қан сарысуын тамызу керек. Ерлердің қанында темір көп, сондықтан, еркектердің қанынан жасалған сарысу Джоның көзіне пайдалы.

"Ауырған кезде 4 апта бойы көзім көрмей, айналам түнекке айналды. Егер еркек-донорлар болмаса, маған қажетті сарысу қолжетімсіз болады. Мен тағы да көрмей қалуым мүмкін. Маған еркектің қаны керек, әйтпесе, тағы да көрсоқыр болып қаламын", -  дейді сирек кездесетін дертке шалдыққан қапалы келіншек.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#донор #еркек