$ 494.87  520.65  4.91

Орманнан адам қаңқасын тауып алған әйел, оны «жоғалған ұлымның сүйегі» деп отыр

Оның ұлы күйзеліске ұшырап, осыдан 4-5 ай бұрын үйінен кетіп қалған.
Фото: Asia News Network
Фото: Asia News Network

Удонтхани провинциясына қарасты Пхен ауданының тұрғыны орманнан ер адамның қаңқасын тауып алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Asia One-ға сілтеме жасап хабарлайды.

62 жастағы Камми Нокмуанг 8 қаңтарда түскі ас дайындау үшін қажетті ингредиенттерді жинауға орманға барады. Орманға барған кезде ағашта ілулі тұрған арқанды байқап қалады. Оған жақындап келгенде адамның қаңқасын көрген.

Нокмуанг көргеніне таңқалып әрі шошып, болған жайтты ауыл төрағасына айтады. Сол кезде ауыл төрағасы полицияға бірден хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, қаңқаны жіті қарап, әлгі адамның шамамен 4-5 ай бұрын қайтыс болғанын анықтады. Ол қара жейде киген екен.

Сот-медициналық сараптамасы киім қалдығын алып, мата үлгісін тексеріп, өлген адамның кім екенін анықтады. Нокмуанг болса, "табылған қаңқа менің 32 жастағы жоғалған ұлымның сүйегі" деп отыр. Оның ұлы күйзеліске ұшырап, осыдан 4-5 ай бұрын үйінен кетіп қалған.

Әйелдің сөзінше, қара жейденің қалдықтары ұлының киіміне ұқсайды екен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары