Жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава өзінің Twitter-парақшасында 9 млн долларды үлестіріп беретінін жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Кәсіпкер осылай әлеуметтік эксперимент жасап көрмек.
Миллиардер 1000 оқырманына 1 млн иен табыстайтынын жеткізді. Ал бұл дегеніңіз шамамен 9 млн доллар. Айтуынша, азаматтар кездейсоқ таңдалады. Сондай-ақ, бұл ақшаның өмірін қаншалықты өзгертетіні тексерілетін болады.
Осы уақытқа дейін жапониялық Zozo киім дүкенін ашқан кәсіпкер 100 адамға 100 миллион йен (900 мың доллар) үйлестіріп берген. Оның жазбасы Twitter-дегі ең көп оқылғандардың бірі болған.