$ 514.65  544.6  5.17

Жолдың опырылуы салдарынан 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі.
Фото: КТК.KZ
Фото: КТК.KZ

Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жолдың опырылып түсуі салдарынан 10 адам іс-түзсіз жоғалып, 15 адам жарақаттанды, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы - Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. 

Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр. Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қытай #жол