Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарғы соты сыбайлас жемқорлық ісімен айыпталған президент кеңсесінің бұрынғы қызметкері Светлана Кондзелидің түнгі уақытта үй қамақта болуы туралы шешім шығарды. Яғни, бұдан былай шенеунік әйел түнде үйінен шыға алмайды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Прокурордың мәлімдемесінше, лауазымды қызметтегі шенеунік әйел бұрын тәулік бойы үй қамақта отырған. Енді ол түнде ғана үй қамақта болады. Яғни, тәуліктік қамақта болуға қарағанда жазасы жеңілдетіліп отыр. Сот Кондзелиге жүктелген міндеттемелерді, оның ішінде, шетелге шығуға тыйым салу уақытын да ұзартты.
Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының қызметкерлері Кондзелиді 2019 жылдың қараша айында ұстаған. Ол алаяқтық жасады деп айыпталуда.