Әлем 15.01.2020 сағат 07:07

Супермаркетке тыржалаңаш кіріп келген 5 жігіт бір-бір банан сатып алды (ВИДЕО)

Әрине, бұндай қадамға адамның өзара бәстесу салдарынан баратыны белгілі. Олар да сөйткен.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Украинаның Запорожья қаласында 5 жігіт супермаркетке тыржалаңаш кіріп келген де, бәрі бірге қаз-қатар тұра қалып сауда жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Youtube желісіндегі видеоға қарасақ, қыстың көзі қырауда аяқтарындағы аяқкиімнен басқа ештеңесі жоқ олар (біреуі ғана баскиім киген) ұятты жерлерін пластик тәрелкелермен жауып алып, кассада бір-бір бананды есептетіп тұр.

Әрине, бұндай қадамға адамның өзара бәстесу салдарынан баратыны белгілі. Олар да сөйткен. Айтуларынша, ұтылғандарының айыппұлы да қомақты көрінеді. Сол себепті мүсіркесе керек, бесеуіне супермаркеттің күзетшісі де тиіспеген.

Ал украиналық желі қолданушылар «Украина Қылмыстық кодексі 296-бабының 2-бөлімі бойынша жазаға тарту керек», «Дүкенде бала ерткен ата-аналар жүретінін ескерген жөн. Қалжыңның да шегі болады ғой», «Мемлекеттің болашағы! Қорқынышты! Сенің біліміңнің қаншалықты деңгейде екені маңызды емес, ең бастысы, тәрбиенің жоғары болуы шарт», «қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу» десті, іштегі қыжылдарын бүгіп қала алмай.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар