$ 494.87  520.65  4.91

Өзгенің қылмысы үшін кінәсі жоқ азамат 35 жыл түрмеде отырып шықты

2010 жылы Томастың ісімен "The Innocence Project" деген коммерциялық емес заң ұйымы айналыса бастайды. Олар Томас секілді жазықсыз түрмеге отырған адамдарды ақтап алуды мақсат тұтады.
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

АҚШ-та  кінәлі деп танылып, 35 жыл түрмеде отырып шыққан жігіттің қылмысқа еш қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол 30 жыл бойы өзгенің жасаған қылмысы үшін бас бостандығы шектелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

13 қаңтарда сот 1991 жылы "кінәлі" деп танылған 62 жастағы Джерри Томасты  ақтап, оған тағылған айыпты жоққа шығарды.

1987 жылы Детройт тұрғыны азық-түлік дүкенінің алдында машинада отырған біреу шабуыл жасағаны жөнінде полицияға шағым түсіреді. Арада екі жыл өткенде жәбірленуші Томасқа жала жапқан. Дегенмен, полицияда оны кінәлі деп санайтын нақты дәлелдер және куәгерлер болмаған. Оған қарамастан, Томасты "Адам өлтіруге әрекеттенді" деп 50 жылға түрмеге тоғытады.

2010 жылы Томастың ісімен "The Innocence Project" деген коммерциялық емес заң ұйымы айналыса бастайды. Олар Томас секілді жазықсыз түрмеге отырған адамдарды ақтап алуды мақсат тұтады. Осы іске кірескен заң фирмасының өкілдері 1987 жылы  болған қылмыстың ізіне түсіп, көлікте отырған адамның Томас емес екендігін анықтап, оның сол кездегі салмағы 115 келі, бойы 190 сантиметр болғанын нақтылайды. Сондықтан олар  Томастың бойы ұзын, салмағы ауыр болғандықтан көлікті оңай басқарып, қылмыс жасауы мүмкін еместігін дәлелдейді.

35 жыл өтіп кеткен қылмыстың жай-жапсарын қайта тексеріп, Томастың кінәсіз екендігін дәлелдеген соң ол бостандыққа шықты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары