$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл өнім қазірдің өзінде пайдасыз»: 127 жыл жұмыс істеп келген сіріңке зауыты жабылды

Бұл компания екі дүниежүзілік соғысты, немістерді басып алуды, ұлттандыруды, құрылысты қиратуды және қалпына келтіруді, т.б. бастан өткерді.

Беларусь еліндегі Брест облысына қарасты Пинск қаласында соңғы 127 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан сіріңке зауыты жабылуда. Оған кәсіпорынның көп шығындылығы себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, «Пинскдрев» фабрикасы бұдан әрі сіріңке шығармайды. Өйткені, бұл өнім қазірдің өзінде пайдасыз. Сондықтан қалалық атқару комитеті компанияның орындықтар өндірісіне қайта құрылатындығын атап өтті.

«Пинскдревте» ұзақ жыл бойы жұмыс істеген 300 қызметкердің ешқайсысы жұмысынан айрылмайды. Олардың барлығы басқа холдингтерге бөлінген. Ал сіріңке зауытының орнына жаңа зауыт қашан пайда болатыны әлі белгісіз. Бұл компанияның есебінен жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Айта кетсек, сіріңке зауыты алғаш рет 1892 жылы «Вулкан» деген атпен ашылды. Содан кейін капиталист Луи Гершман барлық қажетті құрал-жабдықтарды шетелден алып, өндіріске кірісті. Алдымен барлық процестер қолмен жүзеге асырылды және тек 5 жылдан кейін олардың кейбіреулері механикаландырылды. Сол жылы зауыт өртеніп, 1902 жылы ғана қалпына келтірілген.

Кейін бұл компания екі дүниежүзілік соғысты, немістерді басып алуды, ұлттандыруды, құрылысты қиратуды және қалпына келтіруді, т.б. бастан өткерді. Бірақ, сол кезінде дүрілдеп тұрған зауыттың дәуреніне ХХІ ғасырда сіріңкеге деген сұраныстың төмендеуі нүкте қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары