$ 444.22  476.38  4.82

Ресейлік азамат түсінде аян беретін ерекше мысығын 20 млн рубльге сатады

Егер бір нәрседен күдіктеніп, көңілім алабұртса, сол күні міндетті түрде түс көремін.
фото: РИА Новости
фото: РИА Новости

Ресейлік азамат ерекше сауда жасамақшы.Ол "қасиетті мысығын" 20 миллион рубльге бағалап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысық иесінің айтуынша,  үй жануары қожайынын әуел баста өзі тауып үйіне келген. Марғау Челябинск облысында емшінің зират басынан бастап үйіне дейін оның ізінен еріп келген. Сол сәттен бері мысығы қожайынын бәле-жәледен қорғап келеді.

"Осы мысықты асырағалы бері өмірім толықтай жақсы арнаға өзгерді. Егер бір нәрседен күдіктеніп, көңілім алабұртса, сол күні міндетті түрде түс көремін. Мысығым түсіме кіріп, ол алдағы уақытта не істеу керектігін меңзеп, дұрыс бағыт-бағдар береді. Мәселен, бұдан бірер күн бұрын "бір адамға қатты ақша керек болып жатыр, сол үшін мені сат, ақшаңды қайырымдылыққа жарат" деп бағыт сілтеді", - дейді тылсым күшке ие мысықтың иесі.

 Қазіргі таңда ол мысығын 20 миллион рубльге сатуға шешім қабылдап, хабарландыру таратқан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары