Ресейдің Ульяновск қаласында ел күтпеген оқиға болды. "Естімеген елде көп" дегендей мұндай жағдайдың болуына мұғалімнің сауда орталықтарының бірінде өзіне іш киім таңдап жүруі себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Livejournal.com-ға сілтеме жасап.
Оқиға былай болған. Оқушы ұстазының сауда орталығында іш киім таңдап жүргенін көріп қойып, анасына айтып берген. Баласына сабақ беретін жас мұғалімнің сауда орталығында өзіне іш киім таңдап жүргенін білген ата-аналардың бірі енді, әлгі ұстазды жұмыстан шығару керек деп білек сыбанып отыр.
"Енді оның қандай түрси мен төстартқыш тағатынын бүкіл сынып біледі ғой. Балалардың барлығы оның қандай іш киім таңдағанын көріп қойды", - деп кейістік танытқан ата-ана, әлгі мұғалімнің мектепте оқушыларға сабақ бергеніне қарсылық білдіруде.
Ата-аналардың ойынша, мұғалімнің көпшіліктің көзіне түсетін жерде іш киім алуы өрескел әрекет. Тіпті, бұл жағдайды естіген сыныптағы ұлдардың барлығы апайларының іш киімі туралы талқылауға көшкен екен.
"Мектеп директоры менің жазбамды көріп, іш киімді балалардың көзінше таңдап жүрген ұстазды жұмыстан шығарады деп үміттенемін", - деп ата-аналардың бірі желіде жазба қалдырған.
Ал бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары болса, педагогты бұл әрекеті үшін жұмыстан шығаруға болмайды деп санайды. Көпшіліктің ойынша, бұл шағымдану мұғалімнің жеке кеңістігіне қол сұғу болып есептелетін көрінеді.
Айтпақшы, даурыққан, ата-аналардың шағымы әлі күнге дейін жергілікті білім бөлімі басқармасына жетпеген екен.