$ 444.22  476.38  4.82

Жолы болғыш азамат көлік нөмірінің арқасында лезде байып кетті

Жеңімпаз 10 мың долларды қызына сыйлаған.

Көлік нөміріне сәйкестендіріп, лотерея билетін алған адам лезде байып шыға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олжаға кенелген азамат АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Хеброн қаласының тұрғыны. Ол көлік нөмірінің арқасында мыңдаған доллар ұтып алған.

Өткен жылдың желтоқсан айында Джеффри Уорд дүкенге бара жатып, 2137 нөмірі бар көлікті көрген. Ол дәл осындай сандары бар лотерея алуды шешкен. Барлығы 10 билет алыпты.

Бақытына орай, Уордтың әрбір билеті ұтысқа ие болды. Ақшалай сыйлықтың жалпы сомасы - 50 мың доллар (18 миллион теңгеден астам). Жеңімпаз 10 мың долларды қызына сыйласа, қалған ақшасын жаратпай, сақтап қоюға шешім қабылдаған. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары