$ 483.23  534.74  5.12

«Ол мені есімнен тандырды»: әйгілі актриса қартайған шағында 5 рет қалыңдық атанды

Актриса бұған дейін 4 рет тұрмысқа шығуының "арқасында" отбасылық жанжалдар мен дау-дамайлардың талайын басынан өткізген. Тіпті, секс-жанжалдар мен зорлық-зомбылық, махаббат пен ажырасу жағдайларын да көрген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бұған дейін төрт мәрте тұрмысқа шыққан әлемге танымал актриса  Памела Андерсон тағы да қалыңдық атанды. Есте қаларлық образдарымен көрермендердің назарына іліккен 52 жастағы актриса әрі модель, осымен бесінші рет тұрмысқа шығып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Woman.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Слетник

Ерлердің ынтызарлығын арттырып келе жатқан актрисаның бұл жолғы таңдауы 74 жастағы кинопродюсер Джон Питерске түскен. Егде жасқа келсе де ғашық бола біліп, ерлі-зайыпты атанған ғашықтар 20 қаңтарда құпия кеш ұйымдастырды. Сол кезде некесін де қиғызған.

 Актриса бұған дейін 4 рет тұрмысқа шығуының "арқасында" отбасылық жанжалдар мен дау-дамайлардың талайын басынан өткізген. Тіпті, секс-жанжалдар мен зорлық-зомбылық, махаббат пен ажырасу жағдайларын да көрген. Десе де, қиындыққа мойымайтын актриса, әлі күнге дейін сымбатты мүсінімен талай еркектерді өзіне ғашық етіп келеді.

"Джон — Голливудтегі нағыз бұзық жігіттердің бірі. Оны өз отбасымды секілді өте қатты жақсы көремін. Оның өмірінен қорқатынмын. Талайды көріп, біраз дүниені ұқтым. Екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Сыйластығымыз ерекше. Біз бір-бірімізді ешбір шартсыз сүйеміз. Мен бақытты әйелмін. Жаратқанның өз жоспары бар" , - деп әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен арақатынасы жайлы жазған актриса үйлену тойларын көпшіліктен жасырын түрде Малибуда өткізген.

 Ол су жаңа күйеуімен 30 жылдан бері таныс екен. Әйтсе де, араларындағы махаббат сезімін көптен жасыруды осы уақытқа дейін жөн санап келіпті. Айтпақшы,  актрисаның жаңа күйеуі неліктен оны таңдағанын айтып берді.

"Мен кез келген сылқымды жар ретінде таңдасам болатын еді. Айналамда сұлу қыздар көп. Бірақ, 35 жыл бойы тек Памеланы қаладым. Ол мені есімнен тандырды", - деді Джон Питерс.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары