$ 482.86  533.17  5.08

«Бұл жақта үлкен кісі немесе бала деп бөлмейді» - австралиялыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы

Әйел күйеуінің ата-анасына жағуға міндетті емес. Бұл жақта ата-ана жас жұбайлардың өміріне араласпайды. Ол "мәдениетсіздік" болып есептеледі.

Австралия азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы шетелдегі тұрмысы, ене мен келін арасындағы қарым қатынас жайлы айтты. Қазақстан мен Австралиядағы отбасы құндылықтарын айта келіп, ол жақта ата-аналардың жас жұбайлардың өміріне араласуы "Мәдениетсіздік" ретінде есептелетінін жеткізді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

"Австралияда ешқандай салтты ұстанбайды. Әйел күйеуінің ата-анасына жағуға міндетті емес. Бұл жақта үлкен кісі немесе бала деп бөлмейді. Бес жасар баламен қалай сөйлессе, 65-тегі кісімен де солай сөйлеседі. Сол себептен де егер енесімен жақсы қарым-қатынаста болса, онда олар құрбы сияқты араласуы мүмкін. Бірақ, біздегідей қызы мен анасы секілді қарым-қатынас құру деген нәрсе жоқ. Бұл жақта ата-ана жас жұбайлардың өміріне араласпайды. Ол "мәдениетсіздік" болып есептеледі. Маған ақыл беріп, ескерту жасамағаны үшін де енемді жақсы көремін. 

Фото: Stan.kz

 Әрине ерлі-зайыптылар бірге шешім қабылдауға тырысады. Бірақ, көп жағдайда әйел адамның сөзі жүреді. Австралиялық әйелдер ешкімге бағынбайды және өз құқықтарын жақсы біледі. Ер адамдар да соған үйренген. Бірақ, бала туғаннан кейін әйелдер бірден жұмысқа шығып кетеді деп айта алмаймын. Өйткені, бұл жақта балабақша арзан тұрмайды және бала бағушы жалдау өте қымбат. Мысалы, үлкен қызым барып жүрген балабақшаның бір күні 110 австралиялық доллар тұрады. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істесе немесе оқыса онда мемлекет 50 пайыз жеңілдік жасайды. Ал егер әйел үйде отырса, онда ешқандай жеңілдік бермейді. Осы себептен де көптеген әйелдер бала 4-5 жасқа толғанша жұмысқа шыға алмайды", - деген Сәуле есімді қазақ қызы қазір өрт салдарынан талай жануары тірідей өртеніп кеткен Австралияда бала-шағасын өсіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары