$ 482.86  533.17  5.08

Қытай билігі коронавирустың өршуіне байланысты 7 млн халқы бар Уханьға карантин жариялады

Белгілі бір себептермен тұрғындар қаладан шықпауы керек.
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Қытай билігі пневмонияның өршуіне байланысты 23 қаңтар күні таңертең коронавирустың жаңа түрі шыққан жер – Уханьды карантинге толықтай жапты. 7 миллион тұрғыны бар бұл қалада қоғамдық көліктер, әуежай және теміржол станциялары – бәрі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды dw.com.

Белгілі бір себептермен тұрғындар қаладан шықпауы керек. 22 қаңтар, сәрсенбіде таратылған аурумен күрес жөніндегі жедел штабтың мәлімдемесінде әуежайдан және теміржол вокзалдарынан шығатын рейстер уақытша тоқтатылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 600-ге жуық адам пневмонияның осы түріне шалдыққан, одан 17 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытай билігінің бұл қадамын 7 миллионнан астам халқы бар Уханды көлік қатынастарын шектеп, оқшау туралы шешімі «батыл қадам» деп атады. ДДҰ директоры Тедрос Адхан Гебрейюс Қытайдың өз халқы мен басқа елдердің тұрғындары үшін қауіп-қатерді азайтуға дайын екенін құптады.

ДДСҰ төтенше комитеті беймәлім пневмонияның өршуіне байланысты төтенше жағдай режимін жариялау-жарияламау керектігіне қатысты әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл мәселе 23 қаңтарда тағы талқыланады. ДДСҰ сарапшылары вирус жұқтырған адамнан дерттің әрі тарауын әлі нақты байқамағанын, сонымен қатар, инфекцияның адамнан адамға жұғу белгілері тек Қытайда орын алғанын айтады.

Сонымен бірге әлемдегі бірқатар халықаралық әуежайларда Қытайдан, Таиландтан келетін рейстерді бақылау күшейтілді. Мәселен, қазір Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында осы бағыттағы рейстердің жолаушыларын тексеретін екі орталық жұмыс істеп жатыр.

22 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайынан ​​ыстығы көтерілген Қытай мен Ресейдің екі осы дертті жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары