Англияның Норт-Йоркшир графтығына қарасты Селби қаласының тұрғыны төсінің тым үлкен болғандығынан қиналып жүр. Ол қазір омырауына операция жасатып, үлкен төсінің пішінін кішірейту үшін қайырымды жандардан ақшалай көмек сұрап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Фото: Danielle Sullivan
Психиатрдың көмекшісі болып жұмыс істейтін Даниэль Салливан (Danielle Sullivan) төсінің үлкендігі үшін 10 жылдан бері уайым шегіп келеді. Мектепте оқып жүрген кезінде төсінің ыңғайсыз, үлкен формасы үшін ол әрдайым ұялып, ұлдардың мазағына ұшырайтын. Қазір британиялық әйел "Төсім өмірімді құртты" деп тағдырына налып отыр.
Кеудесіне көңілі толмайтын Салливанның қазір омырауының өлшемі - "8XL" және осы өлшем оған күнделікті өмірде өзін жайлы сезінуге кедергі келтіреді. Мәселен, 15 минут жаяу жүрген соң оның арқасы, иықтары мен тізелері ауыра бастайды.
«Шынында өмірім қорқынышты болды. Мен әрдайым ауырсынуды сезінемін. Ауруым ұйқыдан тұрған сәттен басталады, содан қашан қайтадан ұйықтауға жатпайынша тоқтамай ауыра береді», - дейді ол.
Салливанға денесіне ыңғайлы киім табу да қиын. Ол ашық киім кимейді. Жабық футболкаларды ұнатады.
«Төстартқыштарға онлайн дүкендер арқылы тапсырыс беруіме тура келеді. Себебі, көп дүкендерде менің төсімнің пішініне сәйкес келетін іш киім жоқ. Онлайн дүкендер тапсырысымды жіберген кезде әлгі төстартқыштар үлкен апалар мен әжелердің жасына сай, дым әдемі емес болып шығады», - дейді ол.
Салливан, тіпті, қазіргі кезде кеудесінің үлкендігінен көпшілік жерде жүруге ұялады, еркектердің көзіне түсуден қорқады. Ол бұрын мемлекет қаржысы есебінен төсіне операция жасатқысы келіп, өтініш берген екен. Бірақ, оның бұл өтініші косметикалық процедуралардың қатарына жататындықтан өтініші қанағаттандырылмапты.
Әбден амалы құрыған ол, енді қайырымды жандардан көмекке ақша жинап, ақылы түрде төсіне операция жасатуға бел буып отыр. Арманына қол жеткізу үшін оған 800 мың фунт керек екен.