27.01.2020, 10:20

Лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады: қайтыс болғандар бар

Фото: sobityadnya.ru
Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен.​​​​​​​

Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады. Ұрыс кезінде қауіпсіздік күштерінің 15 қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.  

Лаңкестер жексенбіде Сегу аймағындағы Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасаған.

«Соколодағы әскери лагерде террористердің шабуылынан кемінде 15 малилік әскерилер қаза тапты», - деді дереккөз.  

Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен.