27.01.2020, 16:20

Бәлішті обыға жеген адам қояншығы ұстап өліп кетті

Фото: pixabay.com
Сайыс қонақүйде өткен.

Тәтті бәлішті аз уақыт ішінде жеп тауысудан жарысқа қатысқан адам ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

 Тәттіні обығып жеп, қарсыластарын шаң қаптырмақшы болған адам 60 жаста болған. Ол Австралияның азаматы. Жарыс кезінде бәсекелестерін жеңу үшін барын салған ол, кездейсоқ эпилепсияға ұшыраған. Бұл оқиға жарыс кезінде болыпты.

Бәліш жеп жарысу сайысы Австралия күніне арналған екен. Сайыс Квинслендтегі Херви-Бей қонақүйінде өткен.  

Тегтер: жарыс