$ 494.87  520.65  4.91

Ашуланған ер адам туған қарындасын бірнеше жерден пышақтап өлтірді (ВИДЕО)

REN TV хабарлауынша, қайтыс болардан бір күн бұрын әйел «кавказдық Казанова» лақап атымен танымал Иса Алтемировтың қатысуымен болған жанжалдың ортасында болған.
Фото: Sputnik Казахстан
Фото: Sputnik Казахстан

Ингушетия тұрғыны Магомедбашир Могушков туған қарындасын өлтіргенін мойындады, деп хабарлады REN TV-ге сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Лиза Евлоеваның денесі Магас қаласындағы пәтерінен табылған. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ сұғылғаны анықталып отыр.

REN TV хабарлауынша, қайтыс болардан бір күн бұрын әйел «кавказдық Казанова» лақап атымен танымал Иса Алтемировтың қатысуымен болған жанжалдың ортасында болған. Ол шетелдік әйелдерді азғырумен және бопсалаумен айналысқан Ингушетиядағы банданың мүшесі. Ол полиция қызметкерлерімен күресу кезінде жан тапсырды.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталмаған Алтемировпен бірге екі әйел және ер адам болған, олардың пәтерінен есірткі тәркіленді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Лиза Евлоева - екі әйелдің бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары