$ 494.87  520.65  4.91

Ерлі-зайыптыларды балталап тастаған қылмыскердың сұмдығы 6 жылдан кейін әшкереленді

Айыпталушы 2014 жылы Суворов ауылындағы ерлі-зайыптылардың үйіне барып, ет сатып алуға ұсыныс жасаған.
Фото: dovod.online
Фото: dovod.online

Бұдан алты жыл бұрын ерлі-зайыптыларды балталап өлтірген ер адамның ісі сотқа жіберілді. Оқиға Ресейдің Кубань аймағында болған. Қылмыскер марқұм болған әлгі әйел мен еркекті өзінен ет сатып алмағаны үшін өлтіріп, олардың үйлерін өртеп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты Ресейдің аймақтық соты растаған.

Тергеу басқармасының мәліметіне иек артсақ, айыпталушы адам өзінен ет сатып алғысы келмеген  ерлі-зайыптыны балтамен өлтіріп, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен екен. Ал қылмысын жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген. Оған қоса, әлгі адам полиция қызметкерлеріне де шабуыл жасаған көрінеді. Сол үшін де айыпталуда. 

Айыпталушы 2014 жылы Суворов ауылындағы ерлі-зайыптылардың үйіне барып, ет сатып алуға ұсыныс жасаған. Олар оның ұсынысынан бас тартқандықтан екеуін де балталап тастаған.

"Отағасы ет алмаймын деген. Содан кейін екеуі жанжалдасып, түсініспеушіліктің арты төбелеске ұласқан. Жандал шыққан кезде отағасының әйелі үйінде болып, жұбайын қорғау үшін қолына балта алып шыққан. Бірақ, ет сатуға келген адам әйелдің қолынан балтаны тартып алып қойып, екеуін де балталап тастаған. Сосын екеуінің де мәйіттерін үйіне кіргізіп, қылмысының ізін жасыру үшін баспанаға от қойған", - делінген ресми ақпаратта.

Осы оқиғадан кейін, полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыскерді таба алмаған. Тек 2018 жылы айыпталушы әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін жергілікті полицияның уақытша ұстау мекемесіне тоғытылды. Сол кезде ол камераға кірген инспекторды бастан ұрып, қашып кетуге әрекеттенген. Соның салдарынан құқық қорғаушы жабық бас сүйек жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәл сол жылы ер адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары