Жақын арада күйеулері әйелдерін ұрып-соғу заңды болуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бұл заң әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Ең тәуелсіз ел, ең әділетті ел деп көпшілігі Америка құрама штаттарын айтса, ал ол жерде 100 жыл бұрын әйелді ұруға заңды түрде рұқсат беріп қойған, деп жазады Caravan.kz.
Американың Алабама штатында күйеуі әйелін таяқпен ұруға рұқсат, тек таяқтың диаметрі оның бас бармағының диаметрінен аспаса болды. Лос-Анджелесте (Калифорния) күйеулері әйелін белбеумен ұруға рұқсат берілген, белдіктің ені 12 см-ден аспаса, әйелдерді белдікпен ұруға құқылы (әйтпесе әйелінің келісімі қажет).
Ал Арканзас штатында күйеуі әйелін немен ұратыны маңызды емес, бастысы айына бір рет ұрса жеткілікті. Бұл заңдар 100 жыл бұрын жүзеге асқан, әйелдерін қай кезде ұрса да ол кездері заңды тұрғысынан рұқсат еді. Одан кейін ол заңнан бас тартуды Америкалық шенеуніктер ұмытып кеткен.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 34-ші аятынада «Әйелдеріңнің қыңырлыққа басып, бағынбай кетуінен қорықсаңдар, оларға алдымен насихат айтыңдар. (Айтылған насихаттан нәтиже шықпаса,) олардан бөлек жатыңдар. (Сонда да қыңырлығын қоймаса, бір жеріне зақым келтіріп алмай ақырындап) ұрыңдар. Егер түзеліп мойынсұнса, оларға жамандық жасаудың жолын іздемеңдер (әрі не болса соны желеу етіп оларды ренжітпеңдер). Біліп қойыңдар, Алла – Али (бәрінен биік), Кәбир (асқақ һәм ұлы)» (Анарбаев, Әкімханов аудармасы) деп айтқан. Бұл туралы Qamshy.kz сайтында жазылған.
Осыдан екі жыл бұрын ҚМБД жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі болған Ризабек Баттаұлы кезекті уағыздарының бірінде әйеліңді "желкесінен қатты қысып қоюға болатынын ", - айтқан еді.
Мұхаммед Пайғамбардың хадистеріне сілтеме жасап сөйлеген уағыз айтушы: "Жарақаттап, әйеліңнің бір жерін сындырып алмайтындай деңгейде ұруға рұқсат екенін", әйелдің желкесін "қатты қысып қоюға болатынын", - айтқан болатын.
Еске салсақ, Қазақстандағы әйелдер күші альянсы: "Әйелдерін ұрған ер азаматтар көше тазалауға жіберілсін!" деген бастама көтерген болатын. Олар үйдегі қорлықты, әлімжеттікті осындай амалдар қолдану арқылы жеңбек екен.