Әлеуметтік желілерде коронавирустың өршуіне байланысты тәулік бойы жұмыс істеген қытай дәрігерлерінің суреттері таралып жатыр.
Дәрігерлер науқастардан вирусты жұқтырып алмау үшін үнемі арнайы бетперде киіп жүрген. Ұзақ уақыт бетперде киюдің салдарынан олардың жүзінде ісік, жара, тіпті тыртықтар пайда болған.
The Daily Mail хабарлағандай, суреттегі адамдардың көпшілігі эпидемияның ошағына айналған Уханьдағы аурухананың қызметкерлері.
Суреттер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар қытайлық дәрігерлерге жанашырлық танытып, оларды нағыз батыр деп атауда.