$ 514.65  544.6  5.17

Тұрғындардың жерін алып қоюға келген шенеуніктер оңбай таяқ жеді (ВИДЕО)

Бұған дейін «мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін» бұзылған тұрғын үйдің орнына салынған жаңа үйінің бұзылуына наразылық білдірген.

Өзбекстанның Сұрқандария облысына қарасты Алтынсай ауданында тұрғындар билік өкілдерінің әрекетіне наразылық білдіріп, шабуыл жасады. Бұл оқиға 14 ақпан күні болған. Елдің ІІМ баспасөз қызметінің дерегінше, шенеуніктер шаруашылыққа тиесілі жердегі заңсыз құрылыс нысандарын тексеріп, істің анық-қанығына көз жеткізу үшін келген. Сөйтіп, жерді иесіне қайтармақ болғанда, тұрғындардан оңбай таяқ жеп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Мәселен, онда  аудан әкімдігінің өкілдері мен аудандық прокурор және ІІБ басшысы барыпты. 

"Жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындар жұмыс тобының мүшелеріне шабуылдады. Олар қолдарындағы бар (таяқ, тас, балта, күректер т.б.) заттарды лақтырды. Салдарынан қақтығыс болды", - деп хабарлады ІІМ.

Осының салдарынан ІІМ-нің екі қызметкері запа шекті, олар жаратқат алған. Басылымның мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Полицейлер тұрғындарды тынышталдыру тырысқан.

Депутат Расул Көшербаевтың айтуынша, жазба жазған әйел - Холбиба Донаева бұған дейін «мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін» бұзылған тұрғын үйдің орнына салынған жаңа үйінің бұзылуына наразылық білдірген. Осыған орай, ол облыс әкімшілігіне депутаттық сауал жолданғанын айтты.

2018 жылдың сәуірінде Өзбекстанда рұқсат етілмеген жер учаскесінде немесе ғимарат салуға рұқсатсыз тұрғызылған жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына меншік құқығын тану бойынша жалпыұлттық бір реттік науқан жарияланды. Акция 2019 жылдың 1 мамырына дейін созылды. Акция аясында жылжымайтын мүлікке «рақымшылық жасау» туралы 932,7 мыңнан астам өтініш түскен, олардың 20% -ы қабылданбаған.


 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары