$ 494.87  520.65  4.91

Той үстінде күйеу жігіттің былығы әшкереленіп, оны туыстары аямай ұрып-соқты

Күйеу балаларының бұрынсоңды бірнеше мәрте үйленген алаяқ екендігін білген той қонақтары мен оның туыстары ер адамды соққының астына алып, киімін жыртып тастаған.
Фото: bbc.com/russian
Фото: bbc.com/russian

Пәкістанда тойы үстінде күйеу жігіттің "құпия сыры" ашылып қалды. Сондықтан ол өз тойынан қашып кетуге мәжбүр болды. Себебі ол, ол бірінші әйелі болса да, екінші әйел алып жатқан. Сол кезде бірінші әйелі тойға келіп жанжал шығарыпты. Бұл аздай әлгі ер адамның бір емес, екі әйелі бар екендігі сол арада әшкере болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: bbc.com/russian

Негізінен Пәкістан мемлекетінде 4 әйел алуға рұқсат берілген. Дегенмен, тағы әйел алу үшін бұған дейін некелескен әйелдерінің рұқсатын алу міндетті. Алайда Асиф Рафик Сиддики алдыңғы әйелдеріне айтпай, олардан құпия түрде үйленіп жүрген көрінеді.

Асифтің үйлену тойына әйелі баласын көтеріп кіріп келгенде сасқалақтап қалған. Сол сәтте  әлгі келген оның бәйбішесі Мадиха Сиддики 2016 жылдан бері екеулерінің ерлі-зайыпты екендігін айтқан. Онымен тоқтамай, 2018 жылы күйеуі оған айтпастан тоқал алғандығын тойға жиналған адамдардың көзінше жария қылған. Айтпақшы, ашулы бәйбіше той жайлы хабарламадан байқап қалыпты.

Күйеу балаларының бұрынсоңды бірнеше мәрте үйленген алаяқ екендігін білген той қонақтары мен оның туыстары ер адамды соққының астына алып, киімін жыртып тастаған. Бірақ, ер адам автобустың астына тығылып, аман қалған. Абырой болғанда оны сол маңда жүрген тәртіп сақшысы құтқарып қалыпты. Әйтсе де, қатты ашуланған той қонақтары оның артынан полиция бөлімшісіне дейін қуып барыпты.

Бірақ, полицейлер әлгі азаматтың әрекеті ешбір заңға қайшы еместігін айтып, бұл жағдайға араласудан бас тартып, "отбасылық жанжалды өзара шешіңдер" деп оларды кері қайтарған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары