$ 498.34  519.72  4.85

Екі жасар қыз әлеуметтік желінің көмегімен анасын ажалдан арашалап қалды

Саусағын телефонға қойып, телефон блогын ашады.

 Англияның Пул қаласында тұратын екі жасар қыз өте ақылды әрі жылдамдығының арқасында анасын ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Imag.one-ға сілтеме жасап.

Ақылдың қыздың 28 жастағы анасы Самантаның ұстамасы ұстап қалған. Сол кезде 2 жасар София Мизен дереу анасына көмектесіп үлгерген. Ол анасының ұстамасы басталған кезде қолына Самантаның телефонын алып, саусағын телефонға қойып, телефон блогын ашады. Сосын анасының Facebook мессенджері арқылы әжесі Дебби Бейкерге видеоқоңырау шалады. Ол әжесіне телефон арқылы еденде жатқан анасын көрсетеді. Әйелінің ауырып қалғанын телефоннан көрген күйеуі жедел жәрдем шақырған. 

София жедел жәрдем қызметкерлерін төрт жасар ағасы Итанмен бірге күтіп алған. Анасы ауруханаға жеткізілгенде оның ішек инфекциясымен бұрыннан ауыратыны белгілі болады. Қазір Саманта емделіп, аман-есен үйіне оралды.

"Итанға мұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйреткенмін. Сондықтан сол көмектесетін шығар деп ойлағанмын. Ағасына үйреткен кезде Софияның да жаттап алатыны ойыма да келмепті, - дейді зерек бүлдіршіннің анасы Саманта.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Facebook