Егде жасқа жетсе де, жас адамдардың өзі жасай алмайтын әрекетке барған АҚШ теңіз әскерінің ардагеріне көпшілік таңқалады. Себебі 62 жастағы Джордж Худ 8 сағат бойы планкада тұрып, әлемдік рекордты жаңартып, көпті елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Факты" сайтына сілтеме жасап.
Ардагер бас-аяғы 8 сағат, 15 минут, 15 секунд планкада тұру арқылы әлемдік жаңа рекорд орнатты. Негізінен планкада 30 секунд немесе бір минут тұрудың өзі қиын.
Фото: fakty.ua
8 сағаттан астам уақыт бойы планкада тұрған ер адамға қасындағылар қолдау көрсеткен. Тіпті, оған денесінің ауырғанын сезінбеуі үшін достары мен отбасынан бөлек мектеп оркестрі де көмектескен. Рекорд жасаушының соңына дейін шыдауы үшін оркестр мүшелері бірнеше сағат аспаптарда ойнаған. Худ бұдан бірнеше жыл бұрын 10 сағат планкада тұрған. Дегенмен, ол кезде жетістігі ресми тіркелмей қалыпты.
"Адамдар үнемі менен "неден бастау керек?" деп сұрайды. Мен өз денеңді мазақтамау керек деймін. Күніне 10 минуттан бастаңыз. Бұл өз күшіңізге деген сеніміңізді арттырады және денсаулығыңыз жақсарады, - дейді планкада тұрудан әлемдік рекордты жаңартқан ардагер.