27.02.2020, 07:50

Әйгілі Джеки Чан да коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

фото: tvzvezda.ru
Осыған дейін танымал актер коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань беруге уәде берген еді. Бұл – шамамен 145 мың долларға тең қаражат.

Осы күндері танымал актердің өзі коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik Испанияға сілтеме жасап.

Гонконгтық әртіс қауіпті инфекцияны қалай жұқтыруы мүмкін екені де белгілі болды. Ұзынқұлақтың хабарлауынша, ол қатысқан жеке кештердің бірінде болған 48 жастағы полиция қызметкері коронавируспен науқастанған-мыс. Демек, бұл кешке қатысқандардың барлығына да қауіп төнді деген сөз.

Осыған дейін танымал актер коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань беруге уәде берген еді. Бұл – шамамен 145 мың долларға тең қаражат.

«Коронавирусқа қарсы тұра алатын дәрі жасап шығу – ғылым мен технологияның күшіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан ғалымдардың мұндай дәріні барынша жылдам ойлап табатынына сенемін», - деген болатын сонда актер.

Осы мәлімдемесінде Джеки Чан бұл мәселеде ақшаның бірінші орында емес екенін де атап өткен. Ол қаладағы бос көшелерді көргісі келмейтінін, отандастарының бұл аурудан қалай қиналып, жантәсілім еткеніне қарап тұра алмайтынын да айтқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Мына төртбұрыш күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады» - шымкенттік нумеролог

Бүгін жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Яғни, Джеки Чан қауіпті инфекцияға шалдықпаған.