Коронавирустың алғашқы жұқтырған адам Беларуссияда тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
«27 ақпанда Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығында 22 ақпан күні Бакуден ұшып келген ирандық студенттердің бірінен 2019-nCoV коронавирус анықталды. Онымен байланысқан адамдар Минск жұқпалы аурулар ауруханасының жабық бөлмелеріне жатқызылды. Жас жігіттің жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Нидерландта да коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген болатын.