$ 524.65  552.19  5.14

Қытай билігі коронавирус жұқтырғанын мойындағандарға ақша төлемек

Мұндай қадамға әзірге Хубэй провинциясының әкімшілігі барып отыр.

Қытай билігі «қауіпті індетті жұқтырдым» деп айтқан азаматтарға ақша төлей бастады, деп хабаралайды Atameken Business.

Мұндай қадамға әзірге Хубэй провинциясының әкімшілігі барып отыр. Олар коронавирустың таралуын ауыздықтау мақсатында дерттің белгілері туралы хабарлаған адамға 1400 доллар береді.

Арнайы әлеуметтік бағдарламаның талабына сай, дене қызуы бар жергілікті тұрғын өз еркімен медициналық мекемелерге жүгінген жағдайда оған 1 мың юань мөлшеріндегі сыйақы тағайындалады. Ал коронавирус симптомдарымен шағымданып, «жұқтыруы мүмкін» деген күдікті пациенттердің тізіміне енгізілсе, 2 мың юань алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус