$ 498.34  519.72  4.85

Қос көршімізде - қос вирус: Ресей хантавирус дерті бойынша әлемде 2-орынға шықты

Адамнан адамға да жұғатын хантавирустың әзірге кеміргіштер мен жарқанаттардан шаң арқылы тарайтыны тіркелген.

Ресей хантавирус ауруы бойынша әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында, деп хабарлайды Stan.kz, «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Еділ, Башқұртстан және Сочи Ресейдің қауіпті аймақтарының қатарына енген. Өте қиын жағдай 2019 жылдың қысында Саратов облысында пайда болды. Ол кезде сырқатты жергілікті «Кумысная Поляна» табиғи саябағында 3 мыңға жуық адам жұқтырған.

Басылым қазіргі уақытта Ресейде хантавирустарды анықтау үшін сынамалар мен тиісті екпе жасағанын, клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын атап өтті. Газет хантавирустың таралуына байланысты індеттің пайда болуының себебі оның адамнан адамға жұғуы екенін, ал әзірге хантавирустың кеміргіштер мен жарқанаттардан адамға (шаң арқылы) берілетіні тіркелгенін еске салып қойды.

Айта кетсек, Наурызда бір қытайлық азамат хантавирустан қайтыс болды. Юньнань провинциясының тұрғыны Шаньдунға бара жатқан қоғамдық көлікте қайтыс болған еді. Дәрігерлер сол автобустың барлық жолаушыларын тексерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары