Италияның Биелла қаласының 104 жастағы тұрғыны коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы, DailyMail-ға сілтеме жасап.
Осылайша, Ада Зануссо коронавирусты жеңген әлемдегі ең қарт адам болды. Бір қызығы, 1918 жылы ол адамзат тарихында болған ең үлкен пандемия саналатын «Испан індетінен» де аман қалған.
Тағы оқи отырыңыз: 1720, 1820, 1920, 2020: 4 ғасырдың ұқсас жылдарында жаһанды жалмаған пандемиялар (ВИДЕО)
Ол 17 наурыз күні қарттар үйінде ауырып, коронавирус жұқтырғаны үшін ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның денсаулығының ауырлығына қарамастан, есін жоғалтпағанын және тез сауығып кеткенін атап өтті.