$ 494.87  520.65  4.91

Сауд Арабияда қылмыс жасаған жасөспірімдер өлім жазасына кесілмейтін болды

Бұған дейін "Reprive" халықаралық құқық қорғау ұйымы Сауд Арабиясында соңғы 5 жылдың ішінде 800 адам өлім жазасына кесілгенін хабарлаған болатын.
фото: parstoday.com/kz
фото: parstoday.com/kz

Сауд Арабиясында бұдан былай кәмелеттік жасқа толмағандарды өлім жазасына кеспейді. Мәселен олар, жасөспірім қылмыскерлер үшін өлім жазасын алып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 Король Салман ибн Абдул-Азиз Аль Саудтың қаулысына сәйкес, 18-ге толмаған қылмыскерлерге көп дегенде 10 жылға бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы бекітілді. Бұл лаңкестікке қатысы бар қылмыстық істерге де байланысты болмақ. Осылайша, жасөспірім қылмыскерлер өлім жазасына кесілмейді. 

Бір ескерерлігі бұрын қатаң жаза тағайындалған жасөспірімдер өлім жазасына ұшырамайды. Есесіне  түрмеге тоғытылады. Яғни жазалары жеңілдетіледі. 

Бұған дейін "Reprive" халықаралық құқық қорғау ұйымы Сауд Арабиясында соңғы 5 жылдың ішінде 800 адам өлім жазасына кесілгенін хабарлаған болатын. Оның дерегінше, 13 жасөспірім түрмеде өлім жазасының орындалуын күтіп жатқан. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары