$ 494.87  520.65  4.91

«Ресей мен Қытай жалған ақпарат таратуды қояр емес» - НАТО-ның бас хатшысы

Журналистердің бірқатары НАТО әскерін шығысқа орналастыру жайын сұрады.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

НАТО-ның бас хатшысы Ресей мен Қытайды коронавирус пандемиясы кезінде жалған ақпарат таратып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, centralasian.org дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Йенс Столтенберг журналистермен телеконференция форматында кездесу өткізді.

"Ресей мен Қытай өкілдерінің мәлімдеуінше, НАТО одақтастары пандемия кезінде бір-біріне көмектеспей, қарттарын дерттен аман алып қала алмай отыр екен. Мәскеу мен Пекиннің мұндай мәлімдемесі жалған, әрі ол НАТО елдері арасындағы одақты бұзу мақсатын көздейді", деді НАТО басшысы.

"Өзара көмек туралы айтар болсам, жақында ғана одаққа мүше елдердің қорғаныс министрлері телеконференция өткізіп, бірлескен жұмыстарды күшейтуге келісті. Сонда ғана біз науқастарды шекара арқылы өткізіп, медициналық заттарды тасымалдай аламыз. Қытай мен Ресейдің мәлімдемесі - жалған".

Журналистердің бірқатары НАТО әскерін шығысқа орналастыру жайын сұрады.

Столтенберг НАТО әскерін Балтық елдеріне орналастыруды жалғастыратынын мәлімдеді. "Құр сөз емес, іспен дәлелдеп отырмыз. Одақтас елдердің әскери күші Литвада, Латвияда, Эстония мен Польшада орналасқан. НАТО-ның әскери кемелері Балтық кеңізін күзетіп жүр", деді НАТО басшысы.

Йенс Столтенберг одақтас елдердің әскери кемелері Эгей теңізінде де бар екенін айтты. Олар Түркия мен Еуропа одағы арасындағы көші-қон дағдарысын еңсеру туралы келісімінің орындалуына көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары