$ 494.87  520.65  4.91

Керек дерек: адамзат тарихындағы 10 эпидемияның жетеуі Қытайдан тараған

Тек MERS-CoV – Сауд Арабиясында, ал EBOLA – Гвинеяда пайда болған. Ал испаниялық тұмау бір деректе АҚШ-тан, енді бірінде Қытайдан шықты делінген. Екеуінің нақты қайсысынан бастау алғаны белгісіз.

Соңғы 100 жылдағы эпидемияның хронологиялық кестесі. 10 вирустың жетеуі Қытайда пайда болған. Одан бөлек, Сауд Арабиясы, Гвинея, АҚШ эпидемияның ошағы болған деген деректер бар.

1. Испаниялық тұмау (H1N1)
Болған уақыты: 1918-1920 жж.
Шыққан жері: АҚШ немесе Қытай.
Жұқтырғандар: 550 млн адам.
Қайтыс болғандар: 17-100 млн адам.
Қауіп төнді: 20-40 жас аралығындағы адамдарға.
Таралуы: Барлық мемлекетке (Бразилиядағы Маражо аралынан басқа).
Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз.

Бұл – адамзат тарихындағы ең кең таралған пандемия. Адамдардың 29,5%-ы осы вирусты жұқтырды. Эпидемия Бірінші дүниежізілік соғыстың соңғы айында басталды. Эпидемияның пандемияға ұласуына: антисанитарлық, дұрыс тамақтанбау, адамдардың әскери лагерлерде тығыз орналасуы себеп болды.

2. Азиялық тұмау (H2N2)
Болған уақыты: 1957-1958 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: 540 млн – 1,4 млрд адам.
Қайтыс болғандар: 2-4 млн адам.
Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға.
Таралуы: Барлық әлемге.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: 24 ай.
Пандемия әлемге тез таралып кетті. АҚШ-тың өзінде бұл пандемиядан 70 мыңнан астам адам қайтыс болды.

3. Гонконгтық тұмау (H3N2)
Болған уақыты: 1968-1969 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: 200 млн – 800 млн адам.
Қайтыс болғандар: 1-4 млн адам.
Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға.
Таралуы: Барлық әлемге.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз.
H3N2 вирусы бүкіл әлемге тарады. Бұл пандемия кезінде 65 жастан асқан адамдар зардап шекті.

4. Орыс тұмауы (H1N1)
Болған уақыты: 1977-1978 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: белгісіз.
Қайтыс болғандар: 300 мың адам.
Қауіп төнді: 25 жасқа дейінгі адамдарға.
Таралуы: белгісіз.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз.
Пандемия КСРО-да басталды. Бұл вирус балалар мен 25 жасқа дейінгі адамдарға жұқты.

5. Атипиялық пневмония (SARS-CoV)
Болған уақыты: 2002-2003 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: 8096 адам.
Қайтыс болғандар: 774 адам.
Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға.
Таралуы: 32 мемлекетке.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ.
Індет 2 айдың ішінде Гонконг, Вьетнам елдеріне тарап үлгерді. Ал ақпан айының соңына қарай басқа да мемлекеттерге тарады.

6. Құс тұмауы (H5N1/H7N9)
Болған уақыты: 2003-2005 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: 861/1568 адам.
Қайтыс болғандар: 455/615 адам.
Қауіп төнді: барлық адамға.
Таралуы: 17/3 мемлекетке.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: 72 ай/156 ай.
Бұл – құстар ауыратын вирустың бір түрі. Ол адамға құстың етін жегенде жұғады. Аталмыш вирус Еуропа мен Африкаға, содан кейін ғана Азияға тарады.

7. Шошқа тұмауы (H1N1)
Болған уақыты: 2008-2010 жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: белгісіз.
Қайтыс болғандар: 284 мың-575 мың адам.
Қауіп төнді: 25-45 жас аралығындағы адамдарға.
Таралуы: Барлық әлемге.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: 12 ай.
Құс тұмауынан кейін шошқа тұмауы пандемияға ұласты.

8. MERS-CoV
Болған уақыты: 2012-2015 жж.
Шыққан жері: Сауд Арабиясы.
Жұқтырғандар: 2 535 адам.
Қайтыс болғандар: 921 адам.
Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға.
Таралуы: 27 мемлекетке.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ.
Бұл вирус Сауд Арабиясында пайда болып, Франция, Германия, Италия, Тунис, Ұлыбритания мемлекеттеріне таралып үлгерді.

9. EBOLA
Болған уақыты: 2013-2015 жж.
Шыққан жері: Гвинея.
Жұқтырғандар: 28 640 адам.
Қайтыс болғандар: 11 315 адам.
Қауіп төнді: барлық адамға.
Таралуы: 6 мемлекетке.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: 17 ай.
Бұл ауру әлі күнге дейін толығымен зерттелген жоқ. Адамнан адамға қан, тері талшықтары арқылы жұғады. Сонымен қатар, вирус шаң немесе лас материалдан таралады.

10. Коронавирус (COVID-19)
Болған уақыты: 2019-... жж.
Шыққан жері: Қытай.
Жұқтырғандар: күн сайын өзгереді.
Қайтыс болғандар: күн сайын өзгереді.
Қауіп төнді: 60 жастан асқан адамдарға.
Таралуы: 214 мемлекеттің 204-іне.
Вакцинаны ойлап табу уақыты: дайындалып жатыр.
11 мамыр күнгі статистика бойынша әлемде 4 103 136 адам коронавирусты жұқтырды. Олардың 1,5 миллионы емделіп шықса, 290 мың адам қайтыс болды.

Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы арқылы беріледі. Яғни, түшкіргенде және жөтелгенде.

Дереккөз: bugin.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары